КТФ
- 21 мар. 2026 11:30
- 31
Елена Рыбакина Майамидегі турнирде Юлия Путинцеваны жеңді
Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина жерлесі Юлия Путинцевамен екінші айналымда кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина 9 эйс жасап, 2 қосарлы қате жіберді және 6 брейк-пойнттың 3-ін пайдаланды. Путинцева 1 эйс жасап, қосарлы қатесіз ойнады және 3 брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.
Келесі айналымда Елена Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18,8 миллион доллардан асады.
-
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өзінің өмірлік ұстанымы мен отбасы туралы тың деректермен бөлісті. Ол өмірден озған дос-жарандарының қыздарын асырап алған екен.