tengrinews.kz
- 10 мая 2026 22:30
- 29
Еліміздің табиғи және тарихи ескерткіштерін бүлдіруге тыйым салынады: 8,6 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған
Соңғы кездері әлеуметтік желілердегі танымалдылық пен бейнежазбалар үшін табиғи және тарихи нысандарды бұзу фактілері жиілеп кетті. Бұл әрекеттер заңмен қатаң жазаланатынын полиция еске салды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел байлығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті
Табиғат ескерткіштері, қорықтар, ұлттық парктер мен тарихи орындар – Қазақстанның ұлттық байлығы. Олар мемлекет тарапынан қорғалады. Жартастарға жазу жазу, ескерткіштерді немесе басқа да табиғи және мәдени нысандарды бүлдіру – бұл жай ғана ойын емес, заң бұзушылық.
Қылмыстық кодекстегі жаза
Қылмыстық кодекстің 294-бабы «Вандализм» деп аталады. Оған сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бұзғаны үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар, 50 тәулікке дейін қамауға алу, немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 2026 жылғы есептеу бойынша, айыппұл мөлшері 432 500 теңгеден 8 650 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Ішкі істер министрлігі вандализмнің кез келген түріне қатысты қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Маңғыстау облысында полиция Ыбықты Сай шатқалында жазу қалдырған азаматты анықтап, жауапқа тартқан болатын.