Последнее обновление

(Время обновление 15 минут назад)
«Ең батыл төбелес»: Лифттегі видео бүкіл әлемді талқылауда

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтісінде болған балалар арасындағы төбелес туралы видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видео әлемнің әр бұрышынан миллиондаған қаралым жинап, әртүрлі пікірлер тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы

Видеодағы басты кейіпкер – оқиғаға қатысқан ең кішкентай бала. Кадрлардан көрініп тұрғандай, жас бала өзінен үлкен қарсыластарына қарамастан, табандылық танытып, өзін қорғай білді. Видеоның сипаттамасында «Әкем екеуміз ұлымызға әрдайым «Бірінші болып ешкімге тиіспе, бірақ біреу саған тиіссе, өзіңді қорғай біл» деген қағиданы сіңіреміз» деп жазылған.

Видео әлемнің түкпір-түкпірінен пікір қалдырған жандардың алғысына бөленді. Қазақстан, Ресей, Түркия, араб елдері, Бразилия, Испания, Индонезия, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің тұрғындары видеоға өз лайктары мен пікірлерін қалдырды. Тіпті тілдік кедергіге қарамастан, желі қолданушылары екі топқа бөлінді: біреулері «балалардың мұндай әрекетін» сынаса, екіншілері кішкентай баланың батылдығы мен төбелесті тоқтатқан жігіттің даналығын мақтады.

Анасының айтқаны

Видео авторымен байланысқанымызда, ол оқиғаға куә болған баланың анасы екені белгілі болды. Ол қысқаша былай деп түсіндірді: «Бұл жағдай балалар көшеден үйге қайтып келе жатқанда болды. Ұлыма небары 6 жас. Мектепке әлі бармайды. Ол белсенді, мейірімді, эмоционалды және ақылды бала», - деді анасы.

Полицияның хабарлауынша

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілгенін хабарлады. «Әлеуметтік желілерді мониторингі барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қатысуымен лифтіде болған оқиға туралы видеожазбаны анықтады. Бір аулада тұратын балалар (5-7 жаста) арасында қысқа уақытты сөздік жанжал болғаны анықталды. Ешқандай зиян келтірілген жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция бұған дейін балалар арасында мұндай жанжал болмағанын нақтылады. «Аталған балалар арасында жүйелі немесе қайталанатын жағдайлар тіркелген жоқ. Барлық қатысушылар анықталды. Олармен және олардың ата-аналарымен ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді», - деп толықтырды полиция.

Новости

Реклама