Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 11 июн. 2026 16:00
- 31
Енді офицерлер декретте қызметтен жалтармайды: Қорғаныс министрлігі ережелерді өзгертті
Енді Қазақстанда әскери кафедраны бітіргеннен кейін екі жылға шақырылған запастағы офицерлер үшін қызмет өткеру ережелері өзгереді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.
Парламент отырысында Мұстабеков соңғы жылдары әскерге шақырылғандардың арасында декреттік демалысқа шығатындар санының көбейгенін айтты. Олар әдетте екі жылдық қызмет мерзімі аяқталмай жатып, декретке кетіп, қызметті толық атқармай қалады екен.
Бұл жағдай әсіресе әскери кафедраны бітірген ер азаматтарға қатысты. Олар 24 айлық қызмет мерзіміне шақырылады, бірақ кейіннен декреттік демалысқа шығуға өтініш береді.
Декреттік демалысқа шығатындар саны артты
Қорғаныс министрлігінің дерегінше, мұндай мүмкіндікті пайдаланғандар саны жылдан-жылға өсіп келеді:
Вице-министрдің айтуынша, бұрын офицер екі ай қызмет етіп, декретке шығып, кейін екі жылдық мерзім толған соң қызметін өтеді деп саналған. Жаңа ереже бойынша, декреттік демалыс кезінде қызмет мерзімі тоқтатыла тұрады. Демалыстан оралған соң, офицер қалған мерзімін толық өтеуі тиіс болады.
Мысалы, егер офицер 24 айлық қызмет мерзімінің алты айын өткеріп, декретке кетсе, оралғаннан кейін қалған 18 айды міндетті түрде өтеуі қажет.
Бұл өзгерістер заң күшіне енгеннен кейінгі жаңа жағдайларға ғана қолданылады.