
- 06 мар. 2025 09:51
- 29
«Енді Қазақстанда көлік жуу орындары ауыз суды пайдалана алмайды» Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады
Қазақстанда енді көлік жуу орындары ауыз суды пайдалана алмайды. Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдап, су ресурстарын пайдалануға қатысты талаптарды қатаңдатты. Енді көлік жуатын орындар суды айналымда қолданатын жүйе орнатуы керек, әйтпесе жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.
Депутат Павел Казанцевтің айтуынша, кәсіпкерлерге жаңа талапқа бейімделу үшін екі жыл уақыт беріледі. Бұл өзгеріс экологиялық жағынан дұрыс қадам болғанымен, шағын бизнеске қиындық тудыруы мүмкін. Енді көлік жуу бағасы қымбаттауы мүмкін, ал кейбір кәсіпкерлер заңсыз жұмыс істеуге көшуі ықтимал.