
- 06 мар. 2025 09:38
- 34
Мәжілісте Астанадағы ақылы автотұрақтар жүйесі мен оның тиімділігі туралы мәселе көтерілді
Мәжілісте Астанадағы ақылы автотұрақтар жүйесі мен оның тиімділігі туралы мәселе көтерілді. 2018 жылы қала әкімдігі ақылы тұрақтарды енгізіп, оларды жекеменшік компанияның басқаруына берген болатын. Осы уақыт ішінде тұрғындар тұрақ қызметіне миллиондаған қаражат төлеген, алайда оның басым бөлігі жеке кәсіпорынның пайдасына кеткені айтылды.
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев 2021-2024 жылдары астаналықтар 726 млн теңге төлегенін, оның 617 млн теңгесі жеке компанияға түскенін мәлімдеді. Осыған байланысты, ақылы тұрақтарды әкімдік балансына қайтару туралы шешім қабылданған.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, әлеуметтік нысандардың жанындағы автотұрақтар тегін болып қала береді. Сонымен қатар, әкімдік басқа да аймақтардағы тұрақтардың тегін болуы жөніндегі ұсыныстарды қарастырып жатыр.
Бұл өзгерістер елорда тұрғындары үшін қаншалықты тиімді болатыны әкімдіктің алдағы шешімдеріне байланысты болмақ.