Photo: J carter (https://www.pexels.com/@j-carter-53083) / Pexels
- 22 февр. 2026 02:31
- 20
Еркеш Хасен отбасы туралы қауесетке тоқтау салды: «Ешкім ажырасамын деп үйленбейді»
Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған сыбыстарға қатысты мәлімдеме жасап, отбасы жайлы айтылған қауесеттерге нүкте қойды. Әнші өзінің кінәсіз қызын қорғап, жеке өмірін жария талқылауға салуды жөн көрмейтінін жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Баламды араластырғаны үшін жазып отырмын»
Еркеш Хасен ұзақ уақыт бойы ел аузындағы өсек-аянды елемегенін, алайда бұл жолы кінәсіз баласының аты аталған соң үн қатуға мәжбүр болғанын айтты. Ол өзінің қызын ешқашан тастамайтынын және соңғы демі қалғанша қамқор болатынын баса айтты.
«Мен камера алдына шығып, отбасыма қатысы жоқ адамдарға отбасым жайлы айтып отырмаймын. Менің қызымды да, қызыма деген махаббаттан туған әнімді де ешкім тартып ала алмайды!» — деп жазды әнші.
Жеке өмір – жеке мәселе
Әнші жеке өмірін көпшілікке жария етуді дұрыс көрмейтінін атап өтті. Ол «Ешкім ажырасамын деп үйленбейді» деген қағиданы алға тартып, отбасындағы мәселелерді тек екі адамның арасында шешуге болатынын меңзеді.
«Екеуміздің арамызда болған нәрсе, әуелі Алла, сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!» — деді Еркеш Хасен.