Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
"Ешкімге айтпай, ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіровтің тың естелігі

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров "Қайырлы кеш" бағдарламасында көпшілікке беймәлім қызықты деректерін айтып берді. Ол ғарышқа өзімен бірге алып кеткен ерекше заттары туралы сыр шертіп, тыңдаушыларды таң қалдырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғарышқа алып кеткен құндылықтар

Тоқтар Әубәкіровтің айтуынша, ол ғарышқа ұшар алдында ерекше дайындық жасаған. Ол өзімен бірге бірнеше маңызды затты ала кеткенін айтты. Олардың қатарында Құранның аяттары мен Қорқыт ата жерінен алынған топырақ бар.

Әйелінің карточкасымен ғарышта

Ең қызығы, ғарышкер ешкімге, тіпті жақындарына да айтпай, әйелінің карточкасын ғарышқа алып кеткен. Кейін оралған соң әйеліне бұл жайлы айтып, оның карточкасында "Ғарыш кемесі" деген мөр басылғанын көрсеткенде, әйелінің таңданысын жасырмады.

Новости

Реклама