Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Ескі көліктерді мемлекет сатып ала бастайды: Алматыда арнайы компания құрылады

Алматы қаласының әкімдігі ескі, экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктерді сатып алатын арнайы компания құруды жоспарлап отыр. Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және автопаркті жаңартуға ықпал етеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экологияны жақсартуға бағытталған жоба

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылатын компания ескі көліктерді сатып алып, оларды кейіннен жоюмен айналысады. Жобаны жүзеге асыруда кәсіпкерлік және инвестициялар изендеу басқармасы мен «Алматы» ӘКК бірлесіп жұмыс істейді.

Автопаркті жаңартудың тиімді жолдары

Жоба аясында автопаркті жаңарту тетіктерін іске асыратын еншілес ұйым құрылады деп жоспарлануда. Жаңа, экологиялық таза көліктерді сатып алу үшін жеңілдікпен несие беру, лизинг бағдарламалары және Trade-In жүйесін енгізу қарастырылуда. Сондай-ақ, жобаға жергілікті автоөндірушілерді тарту көзделген.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл бастама автопаркті жаңартуды ынталандырып қана қоймай, ескі көліктердің санын азайтуға, сөйтіп Алматының атмосферасына зиянды шығарындыларды елеулі түрде төмендетуге көмектеседі.

Новости

Реклама