Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ет және ет тағамдары

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Орындаған: Тұ-53 топ студенті Абдулла Әсел Маратбекқызы
Жетекшісі: Рахматулла Ақмарал Ержанқызы
 
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді. Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.

Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады. Әсіресе сіңір тініндегі белоктар толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша байланыстыратын, нерв тіндері мен сіңірлердегі белоктардың құндылығы төмен.

Ет – қорытылатын фосфор мен темір көзі болып табылады, оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және  басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте қайнаған кезде сорпаға шығатын белсенді заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады, тәбетті ашады, астың қорытылуын жақсартады, еттің дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты болады.

Еттің химиялық құрамы малдың түріне байланысты болады. Еттің жоғары сапалылығы оның сыртқы түрінен, консистенциясынан, иісінен белгілі болады. Жаңа сойылған немесе салқындатылған етті түрі қызыл түсті, тығыз болып келеді.

Етті емдеуге де қолданады, өйткені ол амин қышқылына, белокқа, минералды заттарға, атап айтқанда темірге бай. Сондықтан да туралған еттен жасалған тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.

Мамандандырылған ет бағытындағы шаруашылық мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде Қазақстанда өткен ғасырдың 30-ы жылдарында құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және сынақтан өтті.

Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен  шешілуде.

Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.

Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы  мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.

Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы  өнімділігі төмен сиырларды  етті тұқымды бұқалармен шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі  отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды бұқаларды өсірген орынды болып табылады.

1997 жылы осы тұқымының  ішінде комол малының төрт зауыттық түрі сынақтан өтті, олар: республиканың батысында «Шағатай», «Анката»,  солтүстік-шығысында «Калбатау» және солтүстігінде «Алабота» түрлері.

1992 жылы ет малының тағы бір отандық түрі – Әулиекөл түрі сынақтан өтті,  ол күрделі шағылыстырып өсіру жолымен алынды.  Бұл үш етті тұқымның негізі  – қазақтың ақбас, шароле және абердин-ангусс түрлері болып табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында кеңінен тараған.

Аталғандардан басқа, Қазақстанда –Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді өңірінде шамалы қалмық тұқымды сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың Таулы Алматы ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.

Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі қара малды жасанды ұрықтандыруды жақсарту бойынша белгілі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67,6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.


You Might Also Like

Новости

Реклама