Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
FACEBOOK әдеп пен цензура мәселесін талқылауға шақырады

Facebook әлеуметтік желі парақшасында нені жариялауға болатыны туралы қолданушылармен ақылдаспақ болып шешті.

Компания әлеуметтік желідегі цензура мәселесін талқылауға қатысуларыңызды сұрайды. Осы талқылау нәтижесі бойынша компания әлеуметтік желіге нені жариялауға болатынын, оның қауіпсіздігін және әртүрлі пікірлерді жариялау мүмкіндігін қалай қамтамасыз ету керегін, әртүрлі мәдени нормаларды қалай есепке алу керегін шешеді. Ол үшін Facebook жауаптарыңызды hardquestions@fb.com мекен-жайына жіберуге болатын бірқатар сұрақтардың тізімін жариялады.  

Facebook өз парақшасында әрқайсының логикасын сараптай отырып, талас тудырған әртүрлі тақырыптарды жариялауды және ғаламторда лаңкестікті тарату, зорлық-зомбылықпен және қатігездікпен күрес сияқты мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Бірінші жазба лаңкестікке қарсылыққа арналған.

Facebook-тің қолданушылар қауымдастығының талқылауына салған ең қиын мәселелердің тізімі:

Платформа лаңкестерді ғаламтор арқылы үгіт-насихат жүргізуден қалай тия алады?

Бұрын Facebook лаңкестік пиғылды ашық насихаттайтын парақшаларды немесе есептік жазбаларды жауып тастайтын. Алайда, дәл бұрынғыдай қазір де компанияның алдынан бір мәселе шыға береді – оның мұндай қатаң шешімі үнемі «компания сөз бостандығын бұзып жатыр» деген сынға қалып жатыр. Пікірталас пен насихаттың шекарасы қайда?

Адам дүниеден өткеннен кейін оның онлайн-аккаунтын не істеу керек?

Қазір Facebook аккаунттарды қайтыс болған адам байланысушы тұлға етіп белгілеген таңдаулы адам модерациялай алатын мемориалды парақшаларға айналдырады. Бірақ, иесі ешқандай таңдау жасамаған және өз аккаунтын басқа адамға сеніп тапсырмаған жандардың аккаунттарын не істеу керек? 

Әлеуметтік медиа даулы хабарламалар мен бейнелерді қалай қадағалап және өшіруі керек? Әртүрлі мәдени нормалары бар әлемдегі ненің даулы, ненің рұқсат екенін кім шешеді?

Қазір Facebook əр түрлі жасқа арналған қосымшаларының қауіпсіздігі мен жарнама берушілердің талаптарын қатар алуға тырысып, қызу талқыланатын тақырыптардың сыналуынан қашуға тырысады. Соған қарамастан Facebook  бір контенттің публикациясына және екіншісінің бұғатталып қалуына байланысты мәселелермен жиі кездесіп қалады. Бірнеше апта бойы бүкіл әлем Facebook-те Вьетнамдағы соғыстың сұмдықтарын бейнелеген суреттерді жариялаған аккаунттың бұғатталып қалғанын қызу талқылады.

Марк Цукерберг Facebook адамдарға өз сүзгісінің параметрлерін орнатуға мүмкіндік бергенін – әр адамның өз лентасында қандай жаңалықтарды көргісі келетінін шеше алатынын қалайды. Ал негізгі көрсеткіш ретінде Facebook бұл сүзгінің аймақтағы орташа көрсеткішін пайдалануды жоспарлап отыр. Соған қарамастан, Facebook бәрібір ұнамсыз контентке немесе цензураға қатысты сынға ұшырай беретін болады. Facebook-ты жаһандандыру туралы ойдың негізінде – жергілікті нормалардың жаһандық нормалармен сәйкес келмей, шиеленісіп кететін даулы жағдайлары жатыр.

Фейк жаңалықтар мен саяси мәлімдемелерді кім ажырата алады? 

Facebook-ты 2016-жылғы президенттік сайлау кезіндегі әлеуметтік желінің рөлі үшін қатты сынға алып, компанияны фейк-жаңалықтарды бұғаттауға және таратпауға жеткілікті күш салмады деп айыптады. Сол кездері Facebook - жоғары жақтағыларға жағынып, соның нәтижесінде Дональд Трамп басымдыққа ие болды деп ойлайтын,  қастандық теориясын ұнататындардың басты нысанына айналды.

Егер Facebook шартты түрде «шындық полициясына» айналса, онда ол өз қолданушыларының кертартпа топтарын кері қайтарып, қоғамды барынша тазарта алар еді.  Бірақ, егер компания фейктердің таралуына кедергі келтірмей, тек қана бақылап отырса, онда мұның жаһандық сипаттағы салдары қиын болуы әбден мүмкін.

Әлеуметтік медиа демократия үшін жақсы ма?

Facebook-те редакторлар ұжымын жаңалықтарды сұрыптау үшін пайдаланса, онда бұл оқырмандарды фейктер мен жалған ақпараттардан қорғар еді. Алайда, әлеуметтің желілердің алгоритмі фейк болса да көп оқылған жаңалықтар желі ішінде бәрібір тез таралатындай құрылған. Facebook жақында ғана бәрін алгоритмнің өзгерісі туралы және фейктерді белгілеуге мүмкіндік беретін құралдарды енгізгені туралы құлақтандырды. Алайда, мұндай әрекеттердің  қолданушыларды қарама-қарсы көзқарастардан оқшаулап тастау қаупі бар.

Әлеуметтік желі адамдардың сенімін бұзып алмай, әр адамның пайдасы үшін мәліметтерді  қалай пайдалана алады?

Facebook бүгінде – біз қаласақ та, қаламасақ та мәліметтерді шығаратын машинаға айналды.

Қолданушыларды дербестендіру мен мәліметтерін жинау күші оларға мақсатты жарнаманы көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ, екінші жағынан мұндай жағдайда Facebook біздің өміріміз бен оның әр сәттеріне үлкен әсер етуі мүмкін. Тіпті біздің құпиямызды да ашып тастауы ғажап емес. Өйткені барлық нәрсенің әсері тек пайдалы бола бермейді.

Жас ғаламтор қолданушылары үшін өзін көрсетудің қандай әдістері қол жетімді болу керек?

Ересектердің контенті немесе ересектердің көңіл көтеруі балалар үшін күтпеген жағдай болуы мүмкін. Сол себепті Facebook жас қолданушыларға бір-бірімен араласуына мүмкіндік беріп, оларды жаман ойлы адамдардан қорғап қалатын қолдау көрсету желісін қалыптастыру керек. Әлеуметтік желі ересектердің балаларды іздеу қызметін шектеді. Сондай-ақ, ата-аналарға арналған көптеген ресурстарды ұсынады. Бірақ, сонымен қатар Facebook кәмілетке жасы толмағандардың бейтаныс адамдармен араласуға итермелейтін жағдайларды жариялауларына рұқсат береді.

Дереккөзі: uip.me


You Might Also Like

Новости

Реклама