Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
Футболдан Қазақстан құрамасы 11 жылдан кейін жеңіске жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл – команданың әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 11 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі.

Матчта голдарды Абат Аймбетовтің орнына шыққан Мәди Самородов пен қорғаушы Александр Марочкин соқты. Сонымен қатар, бұл ойында ерекше назар аудартқан жайт – 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың негізгі құрамда алаңға шығуы. Жас талант жуырда ғана әйгілі "Челси" клубымен келісімшартқа отырған болатын.

Бұл жеңіс қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлады және ұлттық құраманың әлем чемпионатына қатысуға деген үмітін арттыра түсті.

You Might Also Like

Новости

Реклама