Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіров ел естімеген қызықты жайтты ашып айтты

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров "Қайырлы кеш" бағдарламасында ғарышқа сапары кезіндегі ерекше сәттерімен бөлісті. Ол өзімен бірге алып барған, көпшілік біле бермейтін құнды заттары туралы баяндады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғарышқа алып кеткен құндылықтар

Тоқтар Әубәкіровтің айтуынша, ғарышқа ұшар алдында ол өзімен бірге бірнеше маңызды затты алған. Олардың қатарында Құран сүрелері мен Қорқыт атаның жатқан жерінен алынған топырақ болды. Бұл заттарды арнайы қапшыққа салып, өзімен бірге алып кеткен.

Әйелінің карточкасымен ғарышта

Ең қызығы, ғарышкер ешкімге айтпай, әйелінің карточкасын да ғарышқа алып барған. Кейін оралған соң, әйеліне "Таня, сен де ғарышта болдың" деп, карточканы көрсеткенде, ол таңғалған. Карточкада "Ғарыш кемесі" деген мөр басылған екен.

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1991 жылы 2 қазанда "Союз ТМ-13" ғарыш кемесімен ұшып, орбитада 8 тәулік бойы ғылыми зерттеулер жүргізген. Ол Кеңес Одағының 72-ғарышкері және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері ретінде тарихта қалды.

Новости

Реклама