
Риа новости
- 19 мар. 2025 09:02
- 15
Газа секторындағы Израиль әуе соққысынан 400-ден астам адам қаза тапты
Газа секторында Израильдің әуе соққылары салдарынан 400-ден астам адам қаза тауып, олардың арасында қарттар, әйелдер мен балалар бар. Израиль билігі тек лаңкестерді нысанаға алғанын мәлімдегенімен, бейбіт тұрғындар арасында да көптеген құрбандар тіркелуде.
Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстар 15 айға созылып, биылғы жылдың басында ғана тоқтаған болатын. Алайда, қаңтардағы бұл ымыра қайта бұзылып, Таяу Шығыстағы соғыс тағы басталды. Израиль үкіметінің мәліметінше, ХАМАС алғашқы болып бейбіт мәміле талаптарын бұзған. Ал ХАМАС керісінше, Израильді келісімді бұрмалап, тұтқындардың өміріне қауіп төндірді деп айыптады.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху қамаудағы израильдік азаматтарды күш қолдану арқылы босатуды ұйғарып, ХАМАС-ты жоюды мақсат етіп отыр. Оның айтуынша, ХАМАС тұтқындарды босату туралы ұсыныстардың бірде-бірін қабылдамаған. Израиль Трамптың арнайы өкілі Стив Виткоффтың ұсынысын қабылдағанымен, ХАМАС одан үзілді-кесілді бас тартты.