
- 19 мар. 2025 09:08
- 181
Путин: Ресейге салынған санкциялар барлық елдердікінен асып түсті
Ресей Президенті Владимир Путин Ресей Қаржы министрлігінің деректеріне сүйене отырып, елдің жеке және заңды тұлғаларына 28 595 санкция салынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш әлемнің барлық басқа елдеріне енгізілген санкцияларды қоса есептегеннен де көп.
«Бұл барлық елдерге салынған санкцияларды қоса есептегеннен де көп», – деді Путин.
Ресейге қарсы санкциялар 2022 жылы Украинадағы соғыстың басталуынан кейін күрт күшейді. Батыс елдері ресейлік банктерге, энергетика секторына, қорғаныс кәсіпорындарына, мемлекеттік қызметкерлер мен олигархтарға бағытталған қатаң шектеулер енгізді. Сонымен қатар, активтерді бұғаттау, экспорттық және импорттық шектеулер, ресейлік мұнай мен газға баға шектеулерін қою сияқты шаралар қолданылды.
Ресей билігі бұл санкциялардың ел экономикасына қысым жасағанын мойындағанымен, олардың әсерін азайту үшін түрлі қаржылық және экономикалық тетіктерді іске қосып жатқанын мәлімдеуде.