Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 06 мая 2026 22:31
- 28
Грузиядан Қазақстанға массаж салонының иесі экстрадицияланды: оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін
Грузияда жасырынып жүрген, қылмыстық іс бойынша іздеуде болған азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Ол өз бизнесін заңсыз жүргізу үшін полиция қызметкеріне пара бермек болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пара беріп, құтылмақ болған
Бас прокуратураның мәліметінше, жеке кәсіпкер құқық қорғау органдарынан «құтылуға» әрекеттенген. Ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, өз тай массаж салонының жұмысын кедергісіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін полиция қызметкеріне ақша ұсынған.
Пара бермек болғаннан кейін кәсіпкер елден қашып кетіп, кейін Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
Ұстау және экстрадиция
Қашқын наурыз айында Грузияның Рустави қаласында анықталды. Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сұрауы және Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен, күдікті қазақстандық арнайы қызметтерге берілді.
«Оған тағылып отырған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - деп хабарлады Бас прокуратура.
Күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.