Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Гуанжоудағы базарда Дариға Назарбаеваны көргендер қатты таңғалды

Қытайдың Гуанжоу қаласындағы белгілі бір базарда Дариға Назарбаеваның жүргенін көргендер таңғалысын жасырмады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода бір топ қыз оны көріп, қатты шошынып қалғанын айтады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаеваның «энергетикасы»

Желі қолданушысы Сая Қалиеваның айтуынша, олар «бір-біріне ұқсас» (один в один) көшірме брендтер сатылатын базарда жүргенде Дариға Назарбаеваны кездестірген. "Қорқып кеттік. Энергетикасы сұмдық екен. Көргенде, қорқып кеттік", - дейді ол видеода.

Бұл жайт жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік Дариға Назарбаеваның мұндай жерде жүруіне таңғалыс білдіріп, сенімсіздік танытты.

Новости

Реклама