Photo: VIOLA STUDIO PHOTO (https://www.pexels.com/@abet) / Pexels
- 19 апр. 2026 13:30
- 28
Гүлзира Айдарбекова: «Күйеуімді қойдан жуас деп ойлайды, бірақ ол өте қатал адам»
Кейбір адамдар жұбайын сырт көзге жұмсақ, тіпті қойдан да жуас көреді. Алайда, продюсер Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, бұл тек сыртқы көрініс қана. Ол әлеуметтік желіде жолдасы Нұртас Айдарбековтің мінезі жайлы айтып, көпшіліктің назарын аударды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қаталдың қаталы екенін тек отбасымыз біледі»
Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында жолдасының мінезі туралы ашық айтты. Ол жұбайының сырт көзге бірқалыпты көрінгенімен, шын мәнінде өте қатал адам екенін жеткізді.
«Бәрі Нұрекеңді қойдан жуас деп ойлайды. Бірақ оның қаталдың қаталы екенін тек біздің отбасымыз ғана біледі-ау», – деп жазды продюсер.
Отбасылық өмірге әзіл араласқан пікір
Айдарбекова отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты да ойын бөлісті. Ол өзінің пысықтығының арқасында отбасын басқарып отырғанын айтып, әзілдеді.
«Найманның қызы болып, пысықтығыммен игеріп алдым, әйтпесе ойебой ғой», – деп қорытындылады ол.