Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Гүлзира Айдарбекова: Ұлым Бибігүл Төлегенованы сынағандарға қалай қолдау көрсеткенін еске алды

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының қарапайымдылығы мен адамгершілік қасиеттері туралы жазба жариялады. Ол ұлының Бибігүл Төлегенованы сынағандарға қалай қолдау көрсеткенін еске алды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлының қарапайымдылығы

Гүлзира Айдарбекова ұлының әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы айта келіп, оның уақытының аздығынан сирек жазбалар салатынын атап өтті. Тыңдармандар жіберген бейнежазбаларды өзінің парақшасында бөлісетінін айтты.

«Балам, неге Инстаграмда күнделікті концерттеріңді, тойларыңды салмайсың, халықтың махаббаты шексіз ғой», – деп сұраймын кейде. Өзі жүргізетін парақшасына уақыты жетпейтін шығар, өте сирек жазбалар жариялайды. Тыңдармандар жіберген бейнелерді көріп, мен болса да соларды жариялауға шештім. Көз тимесін, бақытына қуанамын, жүз жасасын!» – деп жазды ол.

Адамгершілік пен сыйластық

Айдарбекова ұлының адамгершілігі мен кішіпейілділігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, ұлына деген өкпе-назы барлардың өзі оны мойындай бастаған.

«Өкпе-назы барлардың өзі мойындай бастады – бәрі оның қарапайымдылығы мен жүрегінің тазалығында. Оны сынап жатқан адамдарды біле тұра, олардың ниетін көрсе де, ешқашан мінез көрсетпеген. Керісінше, сыйластық танытып, жақсы сөздермен баурап алады екен, мен өзім де таңғаламын», – деді ол.

Бибігүл Төлегеноваға көрсеткен қолдау

Ең таң қалдырғаны – Бибігүл Төлегенованың ұлын көпшілік алдында қорлап, сұхбат бергеніне қарамастан, Қайрат Нұртас өзінің жеке концертінде «Ана» әнін орындағанда, экранға Бибігүл апаның бейнесін шығарып, оны қазақ халқының құрметті аналарының қатарында көрсеткен.

«Бұл жағдай бүкіл команданы таң қалдырды. Оған: «Ол сізді халық алдында қорлады ғой, келеке етті» дегенде, ол: «Қойыңыздаршы, бұл кәрілік, айта берсін. Ол халықтың анасы ғой», – деп жауап берген. Бұл – нағыз адамгершіліктің белгісі», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Новости

Реклама