Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 02 июн. 2026 19:00
- 23
«Хан» лақапты асаба 10 тәулікке қамауға алынды
Белгілі асаба, тамада Қасым Өтешев, көпшілікке «Хан» лақап атымен таныс, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай шешім оның жұбайы Алмаға қатысты шығарылған қорғаныс нұсқамасының талаптарын бұзуына байланысты қабылданды. Мамыр айының ортасында полиция Қасым Өтешевке жұбайына жақындауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салатын қорғаныс нұсқамасын берген болатын. Алайда, бірнеше күннен кейін асаба Алманың үйіне барып, жанжал шығарды.
Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, әңгіме тез арада дау-дамайға ұласып, тараптар бір-біріне ауыр сөздер айтқан. Осылайша, әлеуметтік желіде қызу талқыланған отбасылық жанжал Қасым Өтешевке қатысты құқықтық мәселеге ұласты. Қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тамада жақын күндері бостандыққа шығуы тиіс.
-
Ұлттық компанияның маңызды еншілес ұйымына басшы болып Нұрлыбек Егізбаев тағайындалды. Ол газ өңдеу зауыттарының құрылысымен айналысады.