Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
Хиджаб киген әйелдің жыныстық қатынас туралы айтқандары жұртты дүрліктірді

TikTok желісінде хиджаб киген белгісіз әйелдің діни негізде жыныстық қатынасқа қатысты айтқан уағызы жұртшылықты екіге бөлді. Бір топ діндарлар мұндай пікірді айыптап, ҚМДБ-ның әрекетсіздігін сынға алса, енді біреулер бұл тақырыпты қызу талқылауда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодағы айтылғандар

Видеодағы әйелдің сөзінше, қазіргі таңда төсектегі түрлі позалардың сәнге айналғаны айтылады. Алайда, ол Құрандағы «әйелдеріңе егін егетін жеріңе ғана ексеңдер болды» деген аятты алға тартып, бұл жерде позаның маңызды емес екенін меңзейді. Ол тіпті Омардың (р.а.) әйелімен болған жағдайды мысалға келтіріп, «дозволенный» жермен қатынас жасаудың маңыздылығын атап өтеді. Ең бастысы, әурет жерлерді жабу керектігін айтады.

Қоғамдағы пікірталас

Бұл видео желіде тарағаннан кейін, діндар қауым арасында наразылық туды. Олар «бұлай айтылмаған», «ҚМДБ қайда қарап отыр?» деген сияқты пікірлер білдірді. Ал басқа қолданушылар «діннің үйрететіні осы ма?», «медреседе осындайды үйрете ме?» деп таңданыс пен сынға алды.

Новости

Реклама