
- 09 мая 2025 08:15
- 40
Интернет алаяқтары бір реттік код сұраса – сақ болыңыз!
Соңғы кезде интернет алаяқтары қазақстандықтардың атына заңсыз несие рәсімдеуге тырысып жатыр. Олар азаматтарға хабарласып, банк немесе таныс ретінде өзін таныстырып, SMS арқылы келген бір реттік кодты айтып жіберуді сұрайды. Бірақ бұл кодты беру – өз атыңызға несие алуға келісім беру деген сөз.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
- Әлеуметтік желі не мессенджер арқылы хабарласады;
- Банк қызметкері ретінде сөйлесіп, “шотыңыз бұғатталады” немесе “ақшаны сақтау үшін код жіберіңіз” дейді;
- Кейде “бонус ұтып алдыңыз”, “жүлде алу үшін растау коды керек” деп сендіреді.
Егер кодты айтып қойсаңыз немесе күмәндансаңыз не істеу керек?
-
Кодты ешқашан ешкімге бермеңіз.
SMS арқылы келген код – бұл сіздің келісіміңіз. Оны айтып қойсаңыз, алаяқ сіздің атыңыздан әрекет ете алады. -
Несие рәсімделгенін тексеріңіз.
-
Алаяқтар несие алған болса, дереу банкке хабарласыңыз.
- Банкпен немесе микроқаржылық ұйыммен байланысып, бұл операцияға қатысыңыз жоқ екенін айтыңыз.
-
Полицияға арыз жазыңыз.
- Жақын маңдағы бөлімшеге барыңыз немесе egov.kz арқылы онлайн шағым жасаңыз.
- Скриншот, хабарлама және қоңырау жазбаларын тіркеп беріңіз.
-
Қауіпсіздік шараларын қолданыңыз:
- Банк қосымшаларында биометриялық растауды іске қосыңыз.
- Бөгде құрылғылардан кіруге тыйым салыңыз.
- Телефон нөміріңізге SIM-қорғау орнатыңыз.
Бір реттік код – бұл сіздің электрондық қолтаңбаңызбен тең. Оны ешкімге бермеңіз. Алаяқтар күн сайын тәсілдерін жаңартып отыр, сондықтан барынша сақ болыңыз.