depositphotos.com
- 02 мар. 2026 15:01
- 28
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартты
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Лариджани АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Біз ешбір жағдайда АҚШ-пен келіссөз жүргізбейміз», - делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын. Ол сондай-ақ, егер Тегеран АҚШ-ты «қанағаттандырса», соққыларды тоқтатуға болатынын жеткізген еді.
Америка әскерилері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авивтің айтуынша, соққылардың мақсаты – Иранның ядролық қару алуына жол бермеу. АҚШ президенті Дональд Трамп ирандық флот пен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін білдіріп, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.
1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеидің қаза тапқаны туралы хабарланды. АҚШ пен Израиль шабуылынан аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де қаза тапты.
БАҚ мәліметтері бойынша, зымырандар әскери нысандарға ғана емес, Иран мен аймақтағы басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымына да тиген. Тегеран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы американдық базаларға шабуыл жасап отыр.
-
Алматы тұрғындарына ескерту: 2-6 наурыз аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нақты мекендер мен уақыттарды біліңіз.