tengrinews.kz
- 25 апр. 2026 09:01
- 24
Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені басып алды
Иранның Корпусы Ислам революциясы сақшылары (КСИР) Ормуз бұғазы маңында рұқсатсыз өтпек болған MSC-Francesca және Epaminondas контейнер тасымалдаушы кемелерін басып алды. Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.
КСИР-дің мәліметінше, Epaminondas кемесі АҚШ әскерилерімен ынтымақтастық жасаған, ал MSC-Francesca кемесі Израильмен байланысты.
Телеарнаның хабарлауынша, ұсталған кемелер жүктер мен тиісті құжаттарды тексеру үшін Иранның аумақтық суларына жіберіледі.
Есепте Epaminodes кемесінің Либерия туымен жүзіп, Үндістанның Мундра контейнер портына бағыт алғаны айтылады. Телеарна КСИР-ге сілтеме жасап, 2024-2026 жылдары кеме АҚШ-тың 11 түрлі портына 36 рет тоқтап, шамамен 299 мың тонна жүк түсіргенін қосады.
КСИР кеменің екі күн бұрын Ормуз бұғазындағы Ларек аралының маңында болғанын атап өтті.
13 сәуірде АҚШ теңіз күштері Ормуз бұғазының екі жағындағы ирандық порттарға кіріп-шығатын барлық теңіз трафигін блокадаға алды. Бұл бұғаз әлемдік мұнай, мұнай өнімдері және СПГ жеткізілімінің шамамен 20 пайызын құрайды.