x.com
- 22 февр. 2026 12:01
- 13
Иранда жаңа наразылық толқыны басталды
Иранда жаңа наразылық толқыны басталды. Бұл туралы британдық Financial Times басылымы хабарлады. Жаңа оқу семестрінің алғашқы күнінде бірнеше университетте студенттер жақтаушы топтармен қақтығысқа түскен.
Басылымның мәліметінше, наразылыққа шыққан студенттер астана Тегерандағы беделді Амир Кабир және Шариф атындағы технологиялық университеттердің студенттері болды. Олар ел билігі мен жоғарғы жетекшісі аятолла Али Хаменеиге қарсы ұрандар айтып, кампустарда жиналған.
Бұл наразылықтар АҚШ-пен шиеленіскен қарым-қатынас фонында өтіп жатыр. Ирандағы толқулар 2025 жылдың желтоқсан айында ұлттық валютаның құнсыздануынан басталған болатын, кейіннен билікке қарсы тәртіпсіздіктерге ұласты. Интернеттің істен шығуы және қаза тапқандар туралы ақпараттар тарады.