Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 14 мар. 2026 06:30
- 22
Ирандағы соғыс Қазақстанға әсер ете ме?
Таяу Шығыстағы шиеленіс Қазақстанға қауіп төндіре ме деген сауалға Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукар жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі жағдай елге ешқандай қатер тудырмайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қауіптің алдын алу
Елшінің сөзінше, Орталық Азия елдеріне қауіп тек ұзақ мерзімді перспективада ғана төнуі мүмкін. Бұл Ирандағы жағдайдың күрт тұрақсыздануы немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алған жағдайда ғана ықтимал. Мұндай жағдайда Таяу Шығыстан аймаққа экстремистер мен террористердің ену қаупі бар.
Қазіргі жағдай
Дегенмен, дипломат Иран билігі елдегі жағдайды бақылауда ұстап тұрғанша, Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Ирандағы жағдайдың Қазақстанға тікелей әсері байқалмайды.