- 17 янв. 2017 00:00
- 283
Жамбыл облысындағы мектептердің бірінде заңсыз ақша жиналған
Сарысу ауданындағы мектепте заңсыз жиналған 276 мың теңге қадағалау органдарының араласуымен қайтарылды.
«Сарысу аудандық прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабы мен Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 63-бабындағы талаптарға қарамастан, білім беру бөлімінің жекелеген қызметкерлері тест өткізу мақсатында 4-11 сынып оқушыларынан қаржы жинаған, - деп түсіндірді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. - Сарысу ауданындағы орта мектептің 1 105 білім алушысынан 276 мың теңге көлемінде ақша жинаған».
Аудандық прокуратураның уақытылы араласуымен білім беру бөлімінің тест өткізу туралы заңсыз бұйрығы жойылып, мектептердегі заңсыз қаржы жинау тоқтатылды.
Аудандық прокуратураның ұсынысымен заңсыз ақшалар қайтарылды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды, соның ішінде аудандық білім бөлімінің басшысы мен бірқатар орта мектептердің директорлары да бар.