Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Жамбылда үш бүлдіршін газдан уланып көз жұмды: отбасыға қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысының Меркі ауданында үш бірдей баланың өмірі мезгілсіз үзіліп, елді есеңгіреткен оқиға тіркелді. 4, 6 және 8 жастағы қыз балалар иіс газынан уланған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың анасы сол күні жалдамалы пәтерде балаларын жалғыз қалдырған.

Әйел үйге оралғанда газдың өткір иісін сезіп, дереу қыздарын ауруханаға жеткізбек болғанымен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Жергілікті билік марқұм балалардың отбасына тиісті әлеуметтік көмектің тұрақты түрде беріліп келгенін айтты.

 "Отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен, бірреттік жәрдемақымен, алиментпен және мектеп формасына арналған қаражатпен қамтамасыз етілген. Анасы 2025 жылдың қаңтарынан бері ресми жұмыс істеген", – деп хабарлады әкімдік.

 

Қайғылы жағдайдан кейін отбасыға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама