Photo: Polina Tankilevitch (https://www.pexels.com/@polina-tankilevitch) / Pexels
- 08 апр. 2026 06:00
- 27
Жан Ахмадиев танымал трансгендерге ғашық болғанын мойындады
Белгілі инфлюенсер Жан Ахмадиев өзінің жеке өмірі туралы айтып, жұртшылықты елең еткізді. Ол сұхбат барысында өзіне танымал трансгендердің ұнайтынын ашық айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйіктісі туралы
Жан Ахмадиевтің айтуынша, оған Никонет есімді трансгендер ұнайды. "Маған мысалы Никонет ұнайды. Ол өзіне бүкіл еркек ғашық болады деген еді. Сөзінде тұрды. Бірақ мен онымен өмірде кездескен жоқпын, сырттай бақылаймын. Адам болғаннан кейін қараймыз. Амилай сәтсіз шыққан. Ал, Никонет болса, тамсануға тұрарлық азамат", - деді ол.
Желідегі пікірлер
Ахмадиевтің бұл мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Кейбірі оның сүйіспеншілігін қолдаса, енді бірі сынап жатты. "Мынау ғашық қой", "Қамшы қайда қалды", "Қобалжып кетті ғой", "Бұл да бұзылайын депті", "Никонет бәрімізге ұнайды", - деп жазды желідегілер.