
- 02 окт. 2025 20:36
- 20
Жаңа адамдар Өскемендегі «Magnum» супермаркетінен мерзімі өткен тауарлардың жаппай сатылымын анықтады
Өскеменде Жеңіс көшесі, 10 мекенжайындағы «Magnum» супермаркеті «Время истекло» азаматтық науқанының тексерісінен сүрінді. Рейд барысында белсенділер бірнеше арба бұзылған өнімдерді тапты. Көптеген тауарлардың жарамдылық мерзімі бір жылдан астам уақыт бұрын өтіп кеткен. Барлық заңбұзушылықтар тіркеліп, супермаркетке ескерту жасалды, басшылық жағдайды түзетуге уәде берді.
Алайда бір ай өткен соң жағдай өзгермеді — мерзімі өткен тауарлар сөрелерден қайта табылды. Тіпті олардың саны артқан болып шықты: тізімге ет өнімдері мен қышқыл-сүт тағамдары қосылды. Жаңа адамдар «Magnum»-ның өз сатып алушыларына деген қарым-қатынасын қала тұрғындарына көрсетуді шешті. Олар үш бөшкені мерзімі өткен өнімдермен толтырып, «Magnum мерзімі өткен тауарларды сатады», «Бұл қоқыс — сіздерге сатпақ болған өнім» деген баннерлер ілінген арнайы газельге тиеп, қаланы түгел аралап шықты. Кейін белсенділер «УЛЫ ЗАТ» деп жазылған бөшкелерді химқорғау костюмдерімен дүкенге қайта әкеліп, тауарды қайтаруды рәсімдеді.
Демонстративті қайтару кезінде Өскемендегі сауда желісіне жауапты директор дүкенге келді. Ол белсенділермен бірге сөрелердегі көп мөлшердегі мерзімі өткен тауарларға көз жеткізіп, өнімдерді утилизациялау жұмысына қатысты. Директор енді оның дүкенінде мұндай жағдай қайталанбайтынына уәде берді.
Аманбаева Амина, Жаңа адамдар: «Мерзімі өткен тауар — мерзімі өткен сана. Бұл — кейінге қалдыру, елемеу, ұмыту әдеті. Демек, мәселе тек тамақ не заттар туралы емес, бұл — іске, адамдарға, уақытқа деген қарым-қатынас туралы. Ойланатын кез келді. Келесі жолы дүкенге кіргенде жай ғана өтіп кетпеңіздер: мерзімі өткен өнімді көрсеніздер — суретке түсіріп, бізге жіберіңіздер. Бұл — үлкен өзгерістерге апарар қарапайым қадам. „Время истекло“ — тек мерзімі өткен тауарларға қарсы күрес емес, бұл — мерзімі өткен санаға қарсы күрес. Өзгеріс әрқайсымыздан басталады».