
Фото: Үкімет
- 02 сент. 2025 14:53
- 34
Жаңа саяси маусымда Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отысы 5 минутта бітіп қалды
Бүгін Астанада Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Infohub.kz.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Парламенттің сегізінші шақырылымының IV сессиясын ашық деп жариялады. Бұл туралы депутаттар мен Үкімет мүшелерінен сұрақтар болмады. Бірақ бір депутат ғана қарсы болды. Жаңа сессия басталар алдында Қазақстанның Әнұраны орындалып, кейіннен бірлескен отырыс жабық деп жарияланды. Жалпы жиын небәрі бес минутқа ғана созылды.
Екі айлық демалыстан кейін ресми түрде жұмысқа кіріскен депутаттар кулуар қабырғасында күзгі маусым мінберде қандай тақырыптар көтеретіндерімен бөлісті.
"Менің тақырыбым қылмыстық заңнама, 2023 жылы депутат болып сайланғаннан бері көтеріп келе жатқан "жеке детективтік қызмет" туралы заңым оң қорытындымен келді. Осы заң жобасын ары қарай қолыма алып жүргіземін деп сенемін. Одан кейін биыл Антикор таратылып, ҰҚК құрамына қосылды. Осыған байланысты құқық қорғау органдарын қорғау туралы заңды қайта қарастыруымыз керек болады. Қылмыстық заңнаманы жетілдіру заңнамасына қатысты ұсыныстарым мен жұмыстарым дайын", - деп пікір білдірді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.