
- 02 сент. 2025 21:53
- 26
Алматыда Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
Алматы журналистикасы жаңа серпін алуда. Өңірлердегі медианы өркендету және әріптестермен тығыз байланыс орнату мақсатында, еліміздегі стратегиялық маңызы зор әрі республикалық арнайы статусы бар Алматы қаласына Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды.
Бұл жауапты қызметке белгілі медиаменеджер, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы бекітілді.
Ержан Қалымбайұлы кім?
-
Танымал қазақстандық журналист, медиаменеджер.
-
Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.
-
Ыстамбұл университетінің (Түркия) докторанты.
-
Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қатардағы тілші болып бастаған.
-
«Қазақстан РТРК», «Хабар агенттігі», «Qazaq radiosy», «Еларна» телеарнасы секілді ірі БАҚ-та жұмыс істеген.
-
«ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы.
2023 жылдан бері ол «Alatau Aqparat» медиахолдингін басқарып келеді. Компания құрамына:
-
«Almaty Aqshamy»,
-
«Вечерний Алматы» газеттері,
-
aqshamnews.kz, vecher.kz, alnews.kz сайттары кіреді.
Алматыдағы медиаға жаңа серпін
Алматы – қазақ журналистикасының орталығы, мәдениет пен өнердің астанасы. Ержан Қалымбайұлының тәжірибесі мен креативті бастамалары Алматыдағы медиа саласын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Бас редакторлар клубы Алматыда жаңа кезеңін бастады.
Ержан Қалымбайұлына жаңа қоғамдық қызметінде табыс тілейміз!
-
Зеленский АҚШ азаматтарымен және Ресеймен үшжақты келіссөз мүмкіндігін қолдады,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.