Последнее обновление

(Время обновление 20 минут назад)
«Жаңа ұшақ болған» – Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған истребитель туралы

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Қорғаныс министрі Даурен Қосанов пікір білдірді. Бұл туралы журналистер Ақорданың кулуарында министрден сұрағанда белгілі болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұшақтың жағдайы

Министрдің айтуынша, арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр және оның қорытындысы бойынша барлық мәлімет жарияланады.

«Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл жаңа ұшақ. Ресейде өндірілген Су-30СМ 2022 жылы жеткізілген. Ұшақ 230 сағат ұшқан. Ең бастысы – ұшқыштар аман, тірі», – деді министр Даурен Қосанов.

Оқиғаның мән-жайы

Ақпаратқа сәйкес, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ресми деректер бойынша, ұшақ экипажы уақытылы катапульт жасап үлгерген.

Новости

Реклама