Последнее обновление

(Время обновление 2 дня назад)
Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігердің өлімі: жаңа мәліметтер шықты

Жаңаөзенде 29 жастағы терапевт-дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің қайғылы өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігердің өмір жолы

Нұрдәулет Аманғалиев 1996 жылы 13 тамызда Жаңаөзенде дүниеге келген. Ол №9 мектепті бітіріп, Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінде фельдшер мамандығын оқыған. 2017-2022 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде «Жалпы медицина» мамандығын меңгерген.

Қайғылы оқиға

2024 жылы Жаңаөзен қалалық №2 емханасында еңбек жолын бастаған Нұрдәулет, көпбейінді ауруханада қызмет еткеніне 1 жылдан аса уақыт болған. Полицияның мәліметінше, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған. Күдікті өз еркімен полицияға берілген.

Дәрігерлердің әрекеті

Нұрдәулетке жедел түрде ота жасалды. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасынан санавициямен келген дәрігерлер бірнеше сағат бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысты. Алайда, қанның көп жоғалуына байланысты дәрігерлер оны құтқара алмады.

Аурухана директорының міндетін атқарушы Марат Қайырғалиұлы: «Біз әріптесімізден айырылып қалдық», - деп мәлімдеді.

Новости

Реклама