sn.kz
- 01 апр. 2026 06:30
- 24
Жанболат пен Жазираның тойындағы даулы сәт: Келіннің орамалы аукционға шығарылды
Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбектің үйлену тойындағы бір көрініс желіде қызу талқыға түсті. Тойдың асабасы келіннің орамалын аукционға шығарып, жұрттың наразылығын тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі пікірталас
Блогер Ырысбала Икрамбай келіннің орамалы үшін 300 доллар төлеуге дайын екенін айтты. Алайда, бұл әрекет көпшіліктің ашуын келтірді. Желі қолданушылары мұны жаман ырымға балап, әншінің отбасын сынға алды.
«Басынан бағы таяды» деген осы екен ғой, Құдай сақтасын», «Орамал – әйелдің абыройы, оны ешкімге бермеу керек», «Жақсы басталған тойды бұлайша бұзудың қажеті жоқ еді», «Бұл әдепсіздік, тойды ұятқа қалдырды», – деп жазды олар.
Танымал отбасы
Жанболат пен Жазира – қазақ эстрадасындағы танымал жұптардың бірі. Олардың тұңғыш ұлдары Қазбек Асылы есімді аруға үйленген болатын.