Последнее обновление

(Время обновление 4 месяца назад)
Жаңғырып Алтай тауы саласынан
Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахраның б...іздейсін даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман-ақсың баласынан.
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысты алып соқшы жағасынан.
Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі
Махмұттың Әбдікәрім ағасынан.


You Might Also Like

Новости

Реклама