Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондық белбеу алынды: Не себепті?

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. Бұл шешімді ұйымның директорлар кеңесі 2026 жылғы 5 наурыздағы телеконференцияда қабылдады. Себебі – боксшының чемпиондық белбеуін белгіленген мерзімде қорғай алмауы.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасынан мельдоний табылғаны хабарланған болатын. Алайда, Қазақстан кәсіби бокс федерациясы жүргізген тексеріс нәтижесінде, бұл препарат спортшының жедел медициналық емдеу кезінде қабылданғаны анықталды.

Соған қарамастан, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстан 2026 жылдың 31 мамырына дейін уақытша шеттетілді. IBF ережесі бойынша, антидопингтік талаптарды бұзған спортшы бір жыл бойы ұйым рейтингінде бола алмайды және IBF аясындағы жекпе-жектерге қатыса алмайды.

Боксшының шеттетілу мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін есептеледі. Осыған байланысты, қазақстандық спортшы 2026 жылғы 4 шілдеге дейін өтуі тиіс міндетті чемпиондық жекпе-жегіне қатыса алмайды. Осы жағдайды ескере отырып, IBF басшылығы орта салмақтағы әлем чемпионы титулын дереу босату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Новости

Реклама