Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
«Жақсы сөйле, болмаса үндеме!»: Жазира Байырбекованың психологиялық ретриттен алған әсері

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова коуч Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастыруымен өткен психологиялық ретритке қатысып, алған әсерін желіде жариялады. Бұл шара өнер иесіне өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші ретрит барысында Айнұр Тұрсынбаеваны терең білімі бар кәсіби психолог ретінде танығанын айтты. «Мен Айекемді бұрыннан танимын, бірақ ретритта оны мүлдем басқа қырынан – терең, кәсіби психолог ретінде көрдім», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Өзіңді тануға бағытталған тәжірибе

Байырбекова бұл тәжірибенің өзіне ерекше әсер еткенін атап өтті. «Психологиялық ретритке қатысып, өзімді жаңадан танығандай болдым. Егер тағы ретриті болса, міндетті түрде қатысыңыздаршы», – деп кеңес берді әнші.

Сөздің құдіреті туралы

Ретритте коуч Айнұр Тұрсынбаева да өз ойымен бөлісіп, сөздің маңыздылығына тоқталды. «Жақсы сөйле, болмаса үндеме. Ауыздан шыққан әрбір сөз – дұға. Сондықтан тек жақсыны айтып, жақсылық тілейік. Ауыздан шыққан әрбір сөздің салмағы бар. Жақсы сөз жақсылықты шақырады, ал теріс сөз өз иесіне қайта оралады», – деді Тұрсынбаева.

Ол сондай-ақ, бұрынғы ақындар мен айтыскерлердің де ауыр сөздердің әсерін өмірлерінде көргенін мысалға келтірді.

Соңғы уақытта қазақстандық танымал тұлғалар арасында психологиялық ретриттерге қатысу жиілеп кеткені байқалады.

Новости

Реклама