tengrinews.kz
- 16 мая 2026 07:00
- 29
Жарты жыл бұрын Қаскелеңде жоғалған жас әйелдің ісіне жаңа дерек қосылды
Жарты жыл бұрын Қарасай ауданында жоғалған жас әйелдің ісіне жаңа дерек қосылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы туған Аманқлышова Жайна Жеңісбайқызы 2025 жылдың 8 маусымында жоғалған. Таңғы сағат 6 шамасында әйел Қаскелең қаласы, 30-шы квартал, Жаңақұрылыс мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Сол кезде қара футболка мен ақ шалбар киген. Өзімен бірге заттары бар сөмке мен телефон болған.
Еріктілер бірнеше рет іздеу шараларына шығып, келіп түскен ақпараттарды тексерген. Алайда әйелді әлі күнге дейін таба алмады.
Жақында еріктілердің хабарлауынша, оларға бағыт бойынша хабарласып, жоғалған әйелді көрген жерін көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, өткен жылдың тамыз айында әйелді Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде көрген.
Егер жоғалған әйелдің қайда екені туралы ақпаратыңыз болса, оны қайда да көрген болсаңыз, еріктілерге кез келген ыңғайлы тәсілмен хабарласуыңызды сұраймыз: телефон/WhatsApp +7 701 375 92 91, +7 705 105 31 31, дирекке жазуға немесе 102 пультіне қоңырау шалуға болады.
-
Volunteers investigating the disappearance of Zhayna Amanqlyshova, who vanished in June 2025, have received new information potentially placing her in Almaty.