Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жасай берсін ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы
Мичурин орта мектебінің
7 сынып оқушысы: Полядин Никита

АҢДАТПА

«Жасай берсін ҚАЗАҚ ЕЛІ» атты шағын эссе Қ. Аманжоловтың «Дүниеге жар» өлең шумақтарымен басталып, Ә.Дүйсеновтің «Ағайынбыз бәріміз» өлең шумақтарымен аяқталады.

Шығармада оқушы Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері, оның орын алған оқиғаларын көрсетті. Шығарманың ерекшелігі тілдік мазмұны қысқа да, нұсқалы ұсынылған. Ойы толықтай қамтылған.

 

АННОТАЦИЯ

Эссе на тему «Жасай берсін ҚАЗАҚ ЕЛІ» начинается строками стихотворение Қ.Аманжолова «Дүниеге жар» и заканчивается Ә. Дүйсенбаева «Ағайынбыз бәріміз» .

В сочинении ученик показывает, какие достижения в развитии страны были сделаны на протежении 25 лет Независимости. Несмотря на небольшой объем, работа отличается емкастью, лаконичностью языка. Тема эссе раскрыта.

 

Ей тәкапар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы!
                   Қ. Аманжолов

Мен Мичурин орта мектебінің 7-ші сынып оқушысымын. Менің есімім – Никита, ұлтым орыс болғанымен жүрегім қазақ деп соғады. Кең далаға шығып мен қазақстандықпын, мен қазақ перзентімін деп айқай салғым келеді. Кеңпейіл қазақ жерінде туғаныма мақтанамын. Неге мақтанбасқа? Мақтану керек, өйткені ҚАЗАҚ ЕЛІ, қазақ жері мені дүниеге әкелді. Соғысы жоқ, бейбіт, тату елде өмір сүремін. Бүкіл өмірімді осы қазақ жерімен байланыстырамын.

1991  жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жария етті. Біз үшін тәуелсіздік күні ең қадірлі күннің  бірі. Бұл жолда қаншама адам құрбан болды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын тәуелсіз мерекесінде еске аламыз. Осы тәуелсіздікке жету үшін олар  қаншама  тер төкті. Отаны үшін күресті. Қазір біздің мемлекетіміз татулық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Бұл көп уақыт емес, бірақ  біз осы уақытта  көптеген  жетістіктерге жеттік. Осы жетістіктерге жетуімі елбасымыздың арқасы. Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. Елімізде қысқы Азия ойындары өткізіліп, көк байрағымыз  көкте желбіреді. Лондон олимпиадасында спортшыларымыз еліміздің байрағын асқақтатты. Елімізде «EXPO-2017» халықаралық көрмесі ұйымдастырылғалы отыр. Осы іс-шарадан соң еліміздің көкбайрайғы одан да асқақтап, желбірей түспек. Бүгінгі күнде еліміз жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес , ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған дұрыс.

Тәуелсіздік -  ұлы ұғым. Қуана отырып мұңаятын, мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам. Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ қарақан  басынан  күллі  жұртты жоғары қойған. Біз де биік ойлай білуге тиіспіз. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Ақыр соңында, әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Қазақ Елі көп ұлтты мемлекет. Ұлттарға, руларға, жүздерге бөлінбей бір ағайынды туыстай өмір сүрейік. Өз шығармамды мына жолдармен аяқтағым келіп отыр:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.


You Might Also Like

Новости

Реклама