Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Жасөспірімдердің тәртібі үшін бәріне мұғалім кінәлі емес – Аймағамбетов ата-аналардың рөлін атап өтті

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді. Оның айтуынша, қоғамда мұндай жағдайлар үшін барлық жауапкершілікті мектеп пен мұғалімдерге жүктей салу – әділетсіз.

«Жасөспірім қандай да бір құқық бұзушылық жасаса, бірден мұғалімді кінәлау – үйреншікті жағдайға айналды. Бірақ бұл дұрыс емес. Егер ол оқиға мектептен тыс уақытта болған болса, бірінші кезекте ата-аналар жауап беруі керек», – деді депутат.

Аймағамбетов білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен маман ретінде, мұғалімдердің мойнына бар ауыртпалықты арта беруді тоқтату қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр баланың тәрбиесіне ата-ана ең алдымен жауапты болуы тиіс.

You Might Also Like

Новости

Реклама