
- 19 мая 2025 19:25
- 17
Учаскелік полицей жетіспейді, мектеп күзеті әлсіз – депутат Григорьева жасөспірімдер қауіпсіздігіне алаңдаулы
Мәжіліс депутаты Наталья Григорьева қала мен ауылдардағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, учаскелік полиция қызметкерлерінің тапшылығы қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кедергі болып отыр.
«Ауыл мен қалада учаскелік полицейлер жеткіліксіз. Сондықтан құқықбұзушылықтың алдын алуға олардың шамасы жетпей жатыр. Ал мектептердегі күзет қызметін көбінесе зейнет жасындағы немесе мүгедектігі бар азаматтар атқарып жүр. Бұл қауіпсіздік талаптарына сай келмейді», – деді депутат.
Григорьева балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін құқық қорғау органдарын күшейтіп, мектептегі күзет сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.