Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жыл оқушысы 2022
Жыл оқушысы
Сайыстың мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
Сайыстың міндеті: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін дамыту.
Сайысқа қатысушылар: 10 - 11 - сынып оқушылары

Сайыстың кезеңдері:
1 кезең - өзін - өзі таныстыру «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда».
2 кезең - Білім сайысы «Мен ұнататын пән»
3 кезең - Шығармашылық бөлім «Сегіз қырлы, бір сырлы»

1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті ұстаздар, білім нәрімен сусындаған шәкірттер!
2 - жүргізуші: Добрый день, уважаемые гости, участники и болельщики! Мы рады приветствовать Вас на внутришкольном конкурсе «Ученик года»!
Подходи честной народ! Конкурс года здесь идет!
Собирайся, кто умен, за смекалку приз даем!
Самый умный, самый ловкий, проверяй свою сноровку!

1 - жүргізуші: Армысыздар ұстаздарым қымбатты
Армысыздар сұлу қыздар сымбатты
Талай ғасыр небір ақын - жыраулар
Жігіттердің батырлығын жырлапты.
«Жыл оқушысы» мектепішілік сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші: Сегодня в нашем зале работает компетентное жюри, прошу поприветствовать:
1 - жүргізуші: Әділқазы, аққазыға бір сәлем,,
Әділдікке бас иеді күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.
Демекші, енді қазылар алқасымен таныстырып өтейік
2 - жүргізуші: Председатель жюри:
Члены жюри:

1 - жүргізуші: Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсен бұл дәуір
Дарындылар заманы,- дей отырып, біліктілік, тапқырлық, ақыл - парасат, өнер, ұшқыр ой сайысында күш сынасуға келген сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Дорогие друзья! Сейчас на сцену приглашаются наши конкурсанты – лучшие представители учащихся школы №1. Они очень умны, талантливы, всех их объединяет стремление к знаниям, к познанию нового и интересного. На сцену приглашаются:

1 - жүргізуші: 1) - 11 б сынып оқушысы
Болашағынан үміт күттірер белсенді де, беделді қызымыз.

2 - жүргізуші: 2) – ученица 10 б класса
Много в мире есть предметов
Самых, самых разных.
Для меня я точно знаю –
Школа – это праздник!-
всегда говорит наша ------.

1 - жүргізуші: Жарысуға бүгін мен де келдім,
Белдесуге тайсалмаймын
Жеңісті оңайлықпен бере алмаймын – деп 11а сыныбының көркем де сұлу қызы келді.

2 - жүргізуші: Сыныбында белсенді де, беделді, шақырайық ----. 10а сынып оқушысы.

1 - жүргізуші: Қане, қыздар, өздеріңіздерге тиесілі санды таңдауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Мы рады приветствовать вас, умники и умницы. На этой сцене вы оказались неслучайно. Всех вас объединяет упорный труд, стремление к знаниям, творческий подход к делу, индивидуальный взгляд на многие вещи... что это я все рассказываю за вас? О себе вы можете рассказать сами.

1 - жүргізуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі: Таныстыру кезеңі.
Ал сайыскерлер, барлықтарыңызға сәттілік тілейміз.

2 - жүргізуші: Желаем вам: не дрогнуть перед натиском соперника
Не потонуть в потоке заумных вопросов
Выдержать достойно это испытание
Перенести решение жюри со спокойной душой.
Первый этап конкурса - «Визитная карточка»
/Әр оқушы өзі туралы дайындаған презентациясын көрсетеді./
6 - сынып оқушысы орындауындағы «Қазақ қызы» әнін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші: Сараланар сайыскерлер білімі
Білімділер озар бүгін ілгері, - деп келесі кезекті «Мен ұнататын пән» кезеңіне берейік.

2 - жүргізуші: Балалар, сайыскерлеріміз тест шешкенше, сіздермен де ойын өткізейік.

1\. Жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту керек.
Жүз мүйізі бар, Үстінде киізі бар. / киіз үй - юрта /.
Қос құлақты, жүз тісті, Жүзінен бір - ақ із түсті. / ара – пила /.
Екі аяқпен кезек – кезек тебеді, Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді. / доп - мяч /
Бір қораға қамалғандар, Жану үшін жаралғандар./ сіріңке - спички/.

2/. Мақалды бір оқушы бастауы керек, ол кімге доп берсе, сол оқушы мақалды жалғастыруы керек.

3/. Математикалық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1 метрде неше см бар?
1 жылда неше ай бар?
Үштің үш дәрежесі нешеге тең?
Тәуліктің екінші жартысы қай сағаттан басталады?
Сегізді нөлге бөлсек неше болады?
Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 8 см, ауданы нешеге тең?
10 - ды он есе арттырып, оған 99 - ды қос.

4/. «Мақал жауап» ойыны. Мен сендерге әр түрлі сұрақ қоямын, сендер мақалмен жауап бересіңдер.
Өнер алды не? / қызыл тіл/.
Қар жана ма? // қалауын тапсаң, қар жанар/
Ұрлық түбі не? // қорлық/
Сөз өнері немен тең? // дертпен тең/
Сөз неден өтеді? // сүйектен / Таяқ неден өтеді? // еттен /
Тіл неден өткір? // қылыштан /

5/. «Біздің орманның ағаштары» ойыны. Ортаға екі бала шығып, әр аттаған сайын ағаштың атын атау керек.

6/. Әртүрлі сұрақтар.
Қандай аң жазда шөп, ал қыста шөптің тамырын, ағаштың бұтағын жейді? // бұғы/
Бір сатыда жеті бала тұрады. Ойнағанда әртүрлі Әндетеді. Ол не? // домбыра/
Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Осылардың қаншасы құс? // 3 /

1 - жүргізуші: Ал, сіздерге балалар
Ақыл ойды саралар
Жауапты сәт туды енді
Жеңіп шығар даралар,- деп сайысымыздың «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты шығармашылық кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде әрбір сайыскер өз өнерін көрсетеді.

2 - жүргізуші: Все были молодцы! Отвечали великолепно. Но конкурс есть конкурс. В конкурсе всегда есть победители. И если, у кого - то что - то не очень получилось, то не переживайте, в следующий раз обязательно получится.

1 - жүргізуші: Әділқазылар алқасы кеңесіп жатқан кезде сіздерге ұсынатын 7 - сынып оқушысы орындауындағы биді қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші: СЛОВО ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ЖЮРИ: ПОДВЕДЕНИЕ ИТОГОВ, НАГРАЖДЕНИЕ.

2 - жүргізуші: Всем участникам без исключения
Желаем отличной учебы, здоровья и добра.
Побольше радости, мудрости, терпенья,
Пусть завтра будет лучше, чем вчера
Ведь Мы сегодня в этом зале
Друг - другу многое сказали:
Не сплоховал, не сдал, не сник
Наш лучший школьный ученик
Шутили, танцевали, пели,
Но быстро время пролетело.
Мы закрываем школьный вечер,
И говорим до скорой встречи.

1 - жүргізуші:
Түсті бүгін бұл жарысқа балқұрақ
Жақсы оқу, терең білім – шамшырақ
Бәріңізге шаттық, шабыт тілейміз
Бүгінгіден ертең болсын жақсырақ.- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

You Might Also Like

Новости

Реклама