f.azh.kz
- 20 апр. 2026 18:30
- 32
Жолдағы қауіпсіздік күшейеді: Техосмотр жаңарып, жылдамдық камералары көбейеді
Елімізде жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жаңа шаралар қолға алынып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды азайту жолдары талқыланды. Жүргізушілер мен көлік иелеріне қатысты бірнеше маңызды өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолдағы жағдай мен жаңа талаптар
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын еліміздің жолдарында шамамен 40 мың адам жарақат алып, 2,5 мыңға жуық адам қаза табады. Биылғы жылдың басынан бері өлім-жітім 4 пайызға азайғанымен, жағдай әлі де алаңдаушылық тудыруда. Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, жол апаттарының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады екен. Осы жылдың өзінде 3 миллионнан астам жол ережесін бұзушылық анықталып, 5,5 мың мас жүргізуші ұсталған.
Электросамокаттарға жаңа ережелер
Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап электросамокаттарға да қатысты болады. Олар:
Техосмотр мен газ баллон жабдықтарына қысым
Көліктердің техникалық жай-күйін бақылау күшейтіледі. Енді жүк көліктері мен автобустар техосмотрдан светоотражающая маркировкасы болмай өте алмайды. Газ баллон жабдықтары бар көліктерге қойылатын талаптар да қатая түспек. Премьер-министр Көлік министрлігіне техосмотр жүйесін толық жаңартып, формализмді жоюды тапсырды.
«Орташа жылдамдықты» есептейтін камералар мен «жасырын» патрульдер
Олжас Бектенов «орташа жылдамдықты» есептейтін камералардың тиімділігін атап өтіп, оларды тек ақылы тасжолдарда ғана емес, облыстық маңызы бар жолдарда да орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, Астана қаласының тәжірибесі бойынша «жасырын» патрульдеу жүйесі ел бойынша енгізіледі.
«Жүргізушілер ережелерді әрдайым, тек камераның алдында ғана емес, үнемі сақтау керектігін түсінуі тиіс», - деді Бектенов.
Алматыдағы резонансты жол апаты
Премьер-министр Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған, үш жас адамның өмірін қиған жол апатына ерекше тоқталды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдыға мегаполистегі авариялық жағдайды төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Бұған трафикке арналған интеллектуалды жүйелерді дамыту да кіреді.
Басқа да өзгерістер:
-
В Казахстане усилят контроль за курьерами и электросамокатами, а также активизируют борьбу с интернет-мошенниками.