Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Жүк тасымалы: Бір рейс үшін 220 мың теңге, жолда миллиондаған сағат

Наурыз мерекесі қарсаңында Yandex Qazaqstan «Наурыз дәәәәәу болсын» атты мерекелік науқанын бастады. Осы науқан аясында Яндекс Go жүк тасымалы сервисі Қазақстан бойынша жүргізілген мыңдаған тасымалды сараптап, қызықты деректерді жариялады. Бұл деректер елдегі жүк тасымалының ауқымын айқын көрсетеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ең қымбат тапсырыс

Бір реткі тасымалдау үшін ең көп төленген сома 220 140 теңгені құрады. Бұл Алматы облысының Талғар ауданынан Шымкент қаласына дейінгі аралықта жүзеге асырылған тасымал болды. Жүк 14 сағат 36 минут жолда болды.

Ең ұзақ маршрут

Ең ұзақ қашықтыққа созылған тасымал Алматы облысының Іле ауданынан Шымкент қаласына дейінгі бағыт бойынша орындалды. Бұл сапар шамамен 13 сағатқа созылды және классикалық қалааралық тасымал көлігі болып саналатын «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылды.

Ең көп уақытты алған тапсырыс

Шымкенттен Мырзакент кентіне дейінгі тасымал 22 сағаттан астам уақытты алды. Бұл жағдайда тек қашықтық емес, жүк түрі мен жолдың жағдайы да уақытқа әсер етеді.

Ең белсенді жүргізуші

Алматы қаласының тұрғыны Қайрат бір жыл ішінде Chevrolet Damas көлігімен 3200-ден астам тапсырыс орындаған. Бұл күніне орта есеппен 9 тапсырысқа тең.

Ең қарқынды күн

2025 жылдың 6 қарашасы – бұл күні пайдаланушылар ең көп жүк тасымалына тапсырыс берді.

Жалпы ауқым

Өткен жылы жүк тасымалдаушылардың жолда өткізген барлық уақытын қосқанда, бұл көрсеткіш 6,3 миллион сағаттан асты. Бұл шамамен 725 жылдық үздіксіз жұмысқа тең.

Бүгінде жүк тасымалы сервисін жеке тұлғалар да, кәсіпкерлер де белсенді пайдаланады. Оларға жылдам әрі қолжетімді жеткізу қызметі операциялық процестердің маңызды бөлігіне айналды.

Новости

Реклама