Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Жұмыстың көзбояушылығымен айналысады»: Тоқаев Ғылым қорына қатысты қатты сын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ҚазҰУ-да ғылыми қауыммен кездесу өткізіп, Ғылым қорының жұмысына қатысты сын айтты. Президенттің айтуынша, қор инновацияны ынталандыру үшін жаңа мүмкіндіктер алғанымен, көбінесе жұмыстың көзбояушылығымен айналысады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Ғылым қорына инновацияны ынталандыру үшін жаңа функциялар берілді, бірақ іс жүзінде көбінесе жұмыстың көзбояушылығымен айналысады. Оның нақты қызметі практикалық тұрғыдан зерделеуді қажет етеді. Неге өзімізді алдауымыз керек? Ғылым бар сияқты, бірақ нақты практикалық нәтижелер бермейді. Маған 3 мыңнан астам қолданбалы ғылыми жобаның тек 193 жобасы бойынша пайдалы коммерциялық нәтиже алынғаны, ал нарыққа тек 29-ы шыққаны туралы мәлімет берілді. Яғни, индустриялық әсер, қайтарым – минималды, бұл фактіні мойындауға тура келеді», - деді Тоқаев.

Ғылым қорының қаржыны тиімсіз пайдалануы

Президент ғылым қорының жұмысындағы елеулі кемшіліктерге қарамастан, мемлекет бөлген қаражатты қайтармағанын, тіпті құқық қорғау органдарына жүгінбегенін атап өтті. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары грант ретінде алынған ақшалай қаражатты Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Ғылым қорының қызметкерлеріне аударғанын анықтаған.

«Бұл ретте Ғылым қоры, өзінің жұмысында елеулі қателіктер жібергеніне қарамастан, мемлекет бөлген қаражатты қайтаруға асықпады, тіпті құқық қорғау органдарына жүгіну туралы айтпағанда. Еш нәрсе болмағандай. Ал құқық қорғау органдарының өздері грант ретінде алынған ақшалай қаражатты Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Ғылым қорының қызметкерлеріне аударғанын анықтады», - деді Президент.

Ғылымды қаржыландырудағы тәртіп

Мемлекет басшысы ғылыми-технологиялық даму саласында мемлекеттер арасындағы бәсекелестіктің шиеленісіп бара жатқанын айтты. Тоқаев ғылымды қаржыландыруда қатаң тәртіп пен қаражатты жұмсауда нақты басымдықтарды белгілеу қажет деп санайды.

Новости

Реклама