Photo: cottonbro studio (https://www.pexels.com/@cottonbro) / Pexels
- 08 мар. 2026 05:30
- 22
Журналист Жанар Байсеміз: «Мен де қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келді»
Журналист Жанар Байсеміз өзінің шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы айтып, көпшіліктің пікіріне жауап берді. Ол көрермендер арасында тараған «сізді шетелдік азаматқа қимайды» деген пікірге қатысты ойын білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қызғану деген дүниені түсінбеймін. Көрермен махаббатын қабылдаймын. Бастапқыда «сізді қимаймыз» деген сөздер жиі айтылды. Бәлкім, мен сол кезде адамды ұлтқа бөлмейтін деңгейде болдым. Қазір ұлтшыл емеспін деп айта алмаймын, бірақ адамды ұлтқа бөлмеймін. Мен әдейілеп шетелдік азаматқа тұрмысқа шығайын деген жоспар құрған жоқпын. Бұл менің таңдауым. Әйтпесе мен де қазақ жігітіне тұрмысқа шыққым келді», — деді журналист.
Ата-ананың қолдауы
Жанар Байсеміз ата-анасының бұл шешімін қалай қабылдағанын да айтып берді. Оның айтуынша, ата-анасынан ешқандай қарсылық болмаған. Анасы алғашында түсінбей қалғанымен, әкесі бірден батасын берген.
«Мен үйдің тұңғышымын, 38-ге келдім, өз өмірімнің қожасымын. Ата-анам «қарсымыз» деп айтқан жоқ, мен не істесем де қолдайды. Ешқандай шектеу болған жоқ», — деп толықтырды ол.
Кездесудің қиындықтары
Журналист жолдасының анасы Украинада тұратынын және соғысқа байланысты әлі күнге дейін кездесудің болмағанын айтты. Олар Украинаға барып қайтқанымен, жолдасының анасын Қазақстанға шақыру мүмкін болмаған.