Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Жүрсін Ерман: Денсаулығымды қант диабеті нашарлатты, бірақ халық қолдауы дем берді

Айтыс өнерінің белді ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман денсаулығына байланысты бастан кешкен күрделі жағдайлар туралы ашық айтты. Ол өзінің қант диабетімен күресі және сол қиын сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан көрсетілген қолдау туралы «1001 түн» бағдарламасында баяндады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақынның айтуынша, қант диабеті оның денсаулығына қатты әсер етіп, жағдайы күрт нашарлаған. Алматыдағы ірі медициналық орталықта ем қабылдаған кезде, дәрігерлер аяғын кесу қажеттігін айтып, бұл шешімді басқа амал жоқ екендігімен түсіндірген.

Шетелдегі ем және Президенттің қолдауы

«Менің жағдайымды нашарлатқан – қант. Оның себебін нақты білмедім. Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Бірақ дәрігерлер аяғымды кесу керектігін айтты. «Бұлай істемесек, өліп қаласың» деді. Адамның аяғын кесу оңай емес қой. Сол кезде шетелге барып емделуді ұйғардым. Швейцарияға кеттім. Ол жақта менің құдайым, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры бар еді. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев емделуім үшін көп қаржы бөлді. Бұл туралы ол өзі айтпаса да, мен ішімнен біліп, ризашылығымды білдіріп жүрмін. Осылайша, аяғымды кестірмей, елге аман-есен оралдым. Кейін қыздарымның күтімі мен шөптермен емдеуінің арқасында аман қалдым. Халықтың қолдауы да маған үлкен дем берді», - деп ақын жан сырын ақтарды.

Новости

Реклама