Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Жүрсін Ерманның қолындағы шылым жұртты елең еткізді

Ақын Нұрлан Есенқұлов айтыс өнерінің майталманы Жүрсін Ерманға арнап жазған өлеңін оқып берген сәтін желідегі парақшасында бөлісті. Алайда, көпшіліктің назары Жүрсін Ерманның қолындағы шылымға ауған. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрлан Есенқұлов видеоның астына: «Кейкі батыр атамызға арнап жазған Жүрсін ағамыздың өз өлеңін өзіне оқып бердім. Өкінішке орай, видеоға қысқа ғана түсіріліпті. Төмендегі өлеңнің толық нұсқасын бір оқып шығыңыздар», деп жазды. Алайда, желідегілердің басым көпшілігі ақынның өлеңіне емес, Жүрсін Ерманның қолындағы темекіге назар аударды.

Желі қолданушыларының пікірлері

Жүрсін Ерманның темекі шеккеніне қатысты пікірлер әртүрлі болды. Кейбіреулер оның жағдайы темекі шекпегендегіден жақсы екенін айтса, енді біреулері темекінің күлі түсіп кете ме деп алаңдады.

«Темекінің күлі түсіп кете ме деп қорықтым», «Атамызға қалай шексе де жарасады», «Темекі тартқанына қарағанда жағдайы жақсы ғой», «Темекісін тартып болғанша күтуге болмады ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Новости

Реклама