
- 29 мая 2025 17:17
- 39
КӘСІПКЕРДІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ СЫНҒА ҰШЫРАДЫ
Galanz Bottlers компаниясының иесі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов кәсіпорынның дамуына үлес қосқан 100 отбасына пәтер сыйлап, көпшіліктің назарын аударды. Алайда бұл әрекет қоғамда түрлі пікір тудырды.
Кәсіпкердің игі ниеті қоғам белсендісі әрі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың сынына ұшырады. Оның пікірінше, мұндай қайырымдылық азаматтардың намысына тиіп, масылдыққа жол ашады.
– Тегін беру – біреуді қорлау, мазақтау. Адамдарға жағдай жасау керек, олар өзіне керегін өз еңбегімен тапсын. Балық берме, қармақ бер, – деді ол.
Нұрсила өз сөзінде АҚШ-тағы әлеуметтік жоба – «Пруитт-Айгоу» тұрғын үй кешенінің тағдырын мысал етті. Айтуынша, бастапқыда аз қамтылған отбасыларға арнап салынған бұл нысан кейін масылдық пен қылмыстың ошағына айналып, ақыры сүріліп кеткен.